Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
«Қызықты техникалық модельдер» шеберлік сағаты.
«Өнер – өмір жемісі» атты апталық аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Смағұл Жетпіс Әбдіғалиұлы «Қызықты техникалық модельдер» атты сыныптан тыс іс-шара – шеберлік сағатын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды техникалық модельдеу негіздерімен таныстыру, шығармашылық ойлауын дамыту және технологиялық дағдыларын шыңдау. Жетпіс Әбдіғалиұлының ұйымдастырушылық шеберлігі мен оқушылармен тіл табысу қабілеті шеберлік сағатының сәтті өтуіне ықпал етті. ВИДЕО КӨРУ