Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
"Жол ережелері" атты танымдық іс-шара
Бүгін Ақтау қаласындағы "Оқушылар сарайының" "Зерек бала" үйірмесінде жетекші Айгерім Мұсақанованың ұйымдастыруымен "Жол ережелері" атты танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыру,қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жолда жүру кезінде сақтық шараларын үйрету болды.
Балалар қызықты ойындар,сұрақ-жауаптар мен бейнематериалдар арқылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің мінез-құлқы туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар,оқушылар жол белгілерін танып,рөлдік ойындар арқылы өз білімдерін бекітті.
Бұл іс-шара балалардың күнделікті өмірде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пайдалы әрі әсерлі сабақ болды.