Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
Адамзат құндылықтары және ЖИ эволюциясы: Тарихтан болашаққа.
2025 жылдың 8 желтоқсан күні №64 мектеп-лицейінде Тарих пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Адамзат құндылықтары және ЖИ эволюциясы: Тарихтан болашаққа" атты тарих апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылу барысында 8-сынып оқушылары «Тәуелсіздікке тарту» атты поэзиялық композицияны мәнерлеп оқыды. «Тарихи бәйге», «Картадағы мемлекеттер», «Тарихи монополия», «Тәуелсіздік сұңқарлары» сияқты танымдық ойындар ұйымдастырылды. Мектеп тарихы мен мектепке есімі берілген қайраткер Сұлтанбек Қожанов туралы ақпарат берілді. Оқушылар патриоттық әндер орындап, түрлі тарихи-танымдық сайыстарға қатысты. Апталықтың ашылуы жақсы өтіп, оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттырды. Белсенділік танытқан және жеңімпаз атанған оқушылар сыйлықтармен марапатталды. ВИДЕО КӨРУ