Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
«Жетістігімді еліме арнаймын» жобалар көрмесі.
«Жетістігімді еліме арнаймын» тақырыбында Тәуелсіздік күніне орай мектепте оқушылардың шығармашылық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өз еңбектерін көпшілікке таныстырып, ғылыми, тарихи және өнер бағытындағы жұмыстарының мән-маңызын түсіндірді.
Көрменің мақсаты:
– оқушылардың жаңа идеяларын қолдау;
– шығармашылық және зерттеушілік қабілетін дамыту;
– елжандылықты арттыру;
– жас ұрпақты өз жетістігін еліне арнауға, қоғамға пайдалы тұлға болуға бағыттау.
Бұл көрме Тәуелсіздік күнінің рухын сезініп, ел дамуына үлес қосатын жас буынның талантын ашуға мүмкіндік берді.
Жетістіктер — ел игілігі үшін! ВИДЕО КӨРУ