Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
«Үлкен құпия» жаттығулары.
2026 жылдың 26 ақпан күні "Психологиялық қолдау орталығы" КММ ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы
Алғыс айту күніне орай
«Күн сайын достыққа, ризашылыққа және толеранттылыққа қадам» психологиялық онкүндігі аясында №2 Новошим орта мектебі КММ-нің 4 «В» сынып оқушыларына мектеп дефектологі Ахметова Ж.Р.
«Үлкен құпия» жаттығуларын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар достықтың құндылығын түсініп, бір-біріне деген ризашылық сезімдерін білдіру арқылы өзара сыйластық пен толеранттылықтың маңызын ұғынды. Жаттығулар балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеріп, сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.
Осындай шаралар өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, құрмет және қолдау мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.