Салалар
Талқылаулар
Новость
📅Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
📅Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
📚Семинар барысында 5–8 және 10-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аралық қорытынды емтихан материалдарын дайындау және бекіту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, 9–11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға сапалы дайындау жұмыстары талқыланды.
Облыстық «Тіл мұрасы» жобасын іске асыру жолдары мен Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша 2025 жылдың қорытындылары сараланды.
👩🏫 Семинарға облыстың 90-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
✅ Нәтижесінде:
🔹 Бағалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша нақты ұсынымдар қабылданды
🔹 Емтихан материалдарын әзірлеудің бірыңғай талаптары түсіндірілді
🔹 Тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу жүргізілді
🔹 Білім сапасын арттыруға бағытталған алдағы міндеттер айқындалды
Семинар қатысушылары кәсіби тәжірибе алмасып, өзара байланыстарын нығайтты.