Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️«Әдістемелік орталық» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының мамандары, Танзания мен Қырғызстаннан келген халықаралық спикерлер, М. Қозыбаев атындағы СҚУ, Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қатысуымен «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ бастамасымен өткен «The resilient educator: digitalization of modern methodology, and continuous growth in ELT» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция цифрландырудың, заманауи әдістемелерді енгізудің және кәсіби құзыреттілікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ағылшын тілі мұғалімдерін біріктірді.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасты, үздік педагогикалық практикаларды ұсынды, білім беру үдерісіндегі цифрлық құралдар мен жасанды интеллекттінің рөлін талқылады, сондай-ақ ағылшын тілін оқыту жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын айқындады.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби өсуіне, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қазіргі заманғы білім беру ортасын дамытуға ықпал етеді, тәжірибе алмасуға жағдай жасайды, инновациялық тәсілдерді енгізеді және оқытудың заманауи әдістемелерін тереңірек зерттейді.