Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️ 2026 жылғы 31 наурызда Мағжан Жұмабаев ауданында «Ауыл мектебі – сапа алаңы: білім беру сапасын арттырудың ресурсы ретіндегі желілік өзара іс-қимыл» атты облыстық семинар өткізілді.
Іс-шараға Аққайың, Мамлют және Қызылжар аудандарының директорлары, директорлардың орынбасарлары және педагогтері қатысты.
Семинар бағдарламасында:
• оқушылардың мектепішілік бастамалары мен жобалары;
• жаратылыстану пәндері және ағылшын тілі бойынша ашық сабақтар;
• жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолдану бойынша шеберлік сыныптары;
• педагогикалық тәжірибе алмасуға арналған секциялық отырыстар.
Мектептер арасындағы желілік өзара іс-қимылды дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және педагогтің жұмысында жасанды интеллектті қолдануға ерекше назар аударылды.
Семинар тәжірибе алмасуға және ауыл мектептерін дамытуға жаңа тәсілдерді қалыптастыруға тиімді алаңға айналды. Қатысушылар алдағы жұмыстарында қолдануға арналған практикалық құралдар алды.