Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️ 10 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысында болашақ ғылымының алғашқы ұшқындары тұтанып, ең жас зерттеушілер жаңалықтар мен тәжірибелер әлеміне нық қадам басты.
10 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысында болашақ ғылымының алғашқы ұшқындары тұтанып, ең жас зерттеушілер жаңалықтар мен тәжірибелер әлеміне нық қадам басты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеу байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға қызығушылық, шығармашылық және зерттеу дағдыларының жоғары деңгейін көрсеткен жоғары топ тәрбиеленушілері мен мектеп жасына дейінгі балалар қатысты.
Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша аға топ тәрбиеленушілері арасында жеңімпаздар анықталды:
1 орын — Ақжар ауданы, «Үлгілі орта мектебі» КММ жанындағы «Балауса» шағын орталығы
2 орын — Аққайың ауданы, «Власовка орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығы
3 орын — Айыртау ауданы, «Колосок» бөбекжай-бақшасы МКҚК, «Сұлы-Элеваторлық негізгі мектеп» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығы
Мектеп жасына дейінгі балалар арасында:
1 орын — «Нұр бала» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Петропавл қ.
2 орын — Ақжар ауданы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК
3 орын — Айыртау ауданы, «Колосок» бөбекжай-бақшасы КММ
Байқау балалардың қабілеттерін ашуға, олардың алғашқы зерттеу бастамаларын қолдауға және қоршаған ортаны тануға деген қызығушылығын қалыптастыруға арналған жарқын алаңға айналды.