Салалар
Талқылаулар
Новость
«Отбасымен оқу — жақсы дәстүр»
Біздің мектебімізде «Отбасымен оқу — жақсы дәстүр» атты челлендж өтті. Бұл шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға және оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Іс-шара барысында оқушылар ата-аналарымен бірге сүйікті кітаптарын оқып, өз әсерлерімен бөлісіп, жылы отбасылық атмосферада уақыт өткізді. Челленджге қатысушылар бірлесіп оқу тек дүниетанымды кеңейтіп қана қоймай, отбасы мүшелерін жақындастырып, жақсы дәстүрлер қалыптастыратынын көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, шығармашылық көзқарасы және кітапқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз! 📚