Салалар
Талқылаулар
Новость
Есірткінің зияны мен жауапкершілік туралы фильм
Бүгін 9-сынып оқушылары үшін нашақорлықтың алдын алу тақырыбында фильм көрсетілді.
Фильмнен кейін оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «закладчиктердің» кім екені, олардың заң алдындағы жауапкершілігі және есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны туралы айтылды.
Оқушыларға саналы таңдау жасау, зиянды әдеттерден бас тарту және өз болашағын қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді. Осындай іс-шаралар жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.