Салалар
Талқылаулар
Новость
«Ой-сандық: оқу және математикалық сауаттылық - табысты синергия» қалалық байқауы.
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2026 жылдың 16 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын арттыруға және сыни тұрғысынан ойлай алатын педагогтерді анықтау мақсатында «Ой-сандық: оқу және математикалық сауаттылық - табысты синергия» қалалық байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Карымсакова Эльмира Темірғалиқызы жүлделі ІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Барлық кезеңдер бойынша білімінің тереңдігін, кәсіби шеберлігін көрсете білген ұстазға шығармашылық табыстар тілейміз!