Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жаратылыстану NEXT: Зерттеу. ЖИ. Болашақ» жаратылыстану апталығы.
20–24 сәуір аралығында мектебімізде «Жаратылыстану NEXT: Зерттеу. ЖИ. Болашақ» атты жаратылыстану апталығы. Апталықтың салтанатты ашылуы 20 сәуір күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды да әсерлі өтті. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын дамыту және заманауи жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін таныстыру арқылы ғылым мен технологияны болашақпен ұштастыра білуге бағыттау. Ашылу салтанаты барысында оқушылар мен ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлайтын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. География пәні бойынша қызықты ойындар өткізіліп, қатысушылардың білімін шыңдай түсті. Химиядан көрсетілген әсерлі тәжірибелер көрермендерді таңғалдырып, ғылымның ғажайып әлеміне жетеледі. Биология бағыты бойынша ұйымдастырылған «Вита микс» бұрышында пайдалы дәрумендер мен салауатты өмір салты насихатталды. Сонымен қатар, денсаулық бұрышында түрлі танымдық шаралар өткізіліп, оқушыларға денсаулықтың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. ЛЕД экран арқылы ұсынылған интеллектуалды сұрақтар оқушылардың ой-өрісін дамытып, белсенділігін арттырды. Шараның жүргізушілері – бірлестіктің жас мамандары өздерінің креативтілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленіп, ашылу салтанатының жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты. Апталықтың ашылуы мазмұнды бағдарламасымен, ерекше атмосферасымен есте қалып, алдағы күндерге үлкен серпін берді. ВИДЕО КӨРУ