Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️ «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» – Әлихан Бөкейхан.
– Әлихан Бөкейхан.
2026 жылдың 28 сәуір күні Қазақ халқының мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы перзенті – Әлихан Бөкейхан» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – Әлихан Бөкейханның құнды еңбектері мен тарихи мұрасын насихаттап, оны халыққа жеткізу және жас ұрпақ санасына сіңіру.
Конференция барысында қатысушылар Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметі, ғылыми еңбектері мен ұлт тарихындағы орны туралы мазмұнды баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Ұлт көшбасшысының мұрасы – тәуелсіздік пен ұлттық бірліктің символы ретінде ерекше атап өтілді.
Осындай тағылымды шаралар ұлт тарихын терең түсінуге, рухани құндылықтарды дәріптеуге және ел болашағына жауапты ұрпақ тәрбиелеуге зор ықпал етеді.