Салалар
Талқылаулар
Новость
«Бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салу» ата-аналар жиналысы.
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында «Бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салу» тақырыбы қарастырылып, ата-аналарға мектепте және сынып ішінде қандай да бір қаражат жинауға жол берілмейтіні туралы нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң талаптарын сақтау және артық шығынға жол бермеу қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, «Заманауи мамандықтар және болашақ трендтері» тақырыбы кеңінен талқыланып, оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы бағыттары сөз болды. Ата-аналарға қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістер, сұранысқа ие мамандықтар және балалардың қабілетіне сай дұрыс таңдау жасау жолдары жөнінде ақпарат берілді. Іс-шара барысында мұғалімдер ата-аналарға арналған қызықты әрі мазмұнды тренингтер ұйымдастырды. Тренингтер барысында қатысушылар белсенділік танытып, түрлі жағдаяттарды талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Жиналыс өзара пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. ВИДЕО КӨРУ