Салалар
Талқылаулар
Новость
4–6 мамыр аралығында Петропавл қаласында Жеңіс күніне арналған бокстан қаланың ашық біріншілігі өтті.
Жарысқа қаланың барлық спорт мектептері, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов атындағы, Шал ақын аудандарының және біздің ауданның командалары қатысты.
Біздің ауданның құрамасын Писарев орта мектебінің екі спортшысы таныстырып, 100% нәтиже көрсетті! 💪🥊
🏆 32 кг салмақ дәрежесінде
🥇 Степанов Максим — 1 орын
🏆 34 кг салмақ дәрежесінде
🥇 Садыков Айтуар — 1 орын
Спортшылар мен жаттықтырушыларды тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер, толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! 👏🔥

