Салалар
Талқылаулар
Новость
Жазғы еңбек практикасы
2026 жылдың 2 маусымынан бастап «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 5–8 және 10-сынып оқушылары үшін жазғы еңбек практикасы жұмыстары басталды.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттыру, мектеп аумағын абаттандыруға үлес қосу және қоғамдық пайдалы еңбекке баулу. Оқушылар мектеп ауласын тазалау, гүлзарларды күтіп-баптау, көгалдандыру және басқа да пайдалы жұмыстарға белсенді қатысуда.
Жазғы еңбек практикасы оқушылардың ұйымшылдық, жауапкершілік және еңбекқорлық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жемісті еңбек тілейміз!