Салалар
Талқылаулар
Новость
«Әжелер мектебі»
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ жанындағы «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» өз жұмыстарын жалғастыруда.
Осы бағыттағы игі шаралардың бірі ретінде «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалып жатқан балаларға халқымыздың қастерлі салт-дәстүрлерінің бірі– «Шашу» дәстүрі көрсетілді.
Шара барысында әжелер мен аналар шашудың мәні мен тәрбиелік маңызы туралы әңгімелеп, оның қуаныш пен жақсылықтың, береке мен молшылықтың белгісі екенін түсіндірді.
Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл іс-шара балалардың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді.
Ұлттық рухымызды асқақтатып, дәстүрімізді дәріптеу–ортақ міндетіміз!