Салалар
Талқылаулар
Новость
📚 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
«Сапаны сақтау» жоба аясында Петропавл қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ-де 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында ата-аналарға балалардың бейімделу кезеңінің ерекшеліктері, оқу үдерісін ұйымдастыру, тәрбие жұмысы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, мектептегі тамақтану және оқушылардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді.
Жиналысқа «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Касенова А.К. қатысып, балалардың жаңа оқу жағдайына сәтті бейімделуінде мектеп пен ата-ана арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ата-аналарға белсенді қатысып, балалардың сапалы білім алуы мен әл-ауқатына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз!