Салалар
Талқылаулар
Новость
🌿 «ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯСЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ-ПРАКТИКУМЫ
2026 жылғы 28 қыркүйекте «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Табиғи ресурстарды сақтау және суды үнемдеу» тақырыбында «Табиғи ресурстарды құтқару операциясы» экологиялық квест-практикумы өтті.
Іс-шараға «Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ, «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ және «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 8-сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты.
Квест барысында қатысушылар практикалық экологиялық тапсырмаларды орындап, суды үнемдеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағытында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
«Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ
«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
«Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын дамытуға және су ресурстарын сақтауға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.