Салалар
Талқылаулар
Новость
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасының жарық көргеніне 30 жыл толуына орай спектакль-кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

«Arman-PV» баспасынан жарық көрген кітаптың ағылшын және қазақ тілдеріндегі нұсқалары оқырманға жол тартты.
Тағылымды шараға еліміздің белгілі ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері мен әдебиет жанашырлары қатысты.
Осы маңызды мәдени шараға мектебіміздің 32 мектеп-гимназиясының 8 «Ғ» сынып оқушылары мен ұстаздары да қатысып, рухани кештің куәсі болды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдебиетке, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраға деген құрметін қалыптастырады.